Міндеттері:
• Академияның қаржы-шаруашылық қызметіне ішкі аудиттер мен тексерулер жүргізу;
• Қаржылық, бухгалтерлік және басқарушылық есептіліктің дұрыстығы мен заңнама талаптарына сәйкестігін талдау;
• Ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін, активтердің сақталуы мен пайдаланылуын бағалау;
• Кірістерді, шығыстарды, дебиторлық және кредиторлық берешекті мониторингілеу;
• Қаржылық және операциялық тәуекелдерді анықтау, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
• Аудиторлық қорытындыларды, талдамалық есептерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
• Аудит нәтижелері бойынша ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;
• Басшылыққа ішкі бақылау, аудит және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету;
• Басшылық пен Директорлар кеңесі үшін есептілікті дайындау.
Талаптар:
• Экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және Қазақстан Республикасы заңнамасы саласындағы білім;
• Құжаттаманы дайындау, жүргізу және талдау, сондай-ақ есептілік қалыптастыру дағдылары;
• Өндірістік және бизнес-процестердің ерекшеліктерін жедел зерделеу және талдау қабілеті;
• Бухгалтерлік есепті, салық заңнамасын және ішкі бақылау жүйесін білу;
• Ағылшын тілін Intermediate (B1) деңгейінен төмен емес деңгейде меңгеру;
• Бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау, аудит немесе қаржы саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
• Авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
• Аудит бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын растайтын сертификаттың немесе аудитор біліктілігінің болуы;
• Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы заманауи ақпараттық жүйелермен және бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу дағдылары.
Еңбек шарттары:
• Жұмыс орны – Әуежай ауданында орналасқан;
• Жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін, аралас жұмыс форматы мүмкін;
• Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес ресімдеу.
«Азаматтық авиация академия» АҚ 2026 оқу жылына профессор-оқытушылар
құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды
| Лауазымы | Бірліктер саны | Пән атауы |
|---|---|---|
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 2 | Авиациялық техника және технологиялар, ғарыштық техника және технологиялар бағыты бойынша бейіндік пәндер |
| Сениор-лектор | 1 | Авиациялық техника және технологиялар бағыты бойынша бейіндеуші пәндер |
| Лауазымы | Бірліктер саны | Пән атауы |
|---|---|---|
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 1 | Қазақ тілі |
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 1 | Орыс тілі |
| Сениор-лектор | 1 | Орыс тілі |
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 3.5 | Ағылшын тілі |
| Сениор-лектор | 3 | Ағылшын тілі |
| Лауазымы | Бірліктер саны | Пән атауы |
|---|---|---|
| Білім беру бағдарламаларының жетекшісі | 1 | |
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 2 | 1. Магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету 2. "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуды пайдалану" білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік пәндер |
| Инструктор-преподаватель | 8.4 | ATPL пәндерін оқыту мүмкіндігі бар ұшақ ұшқышы |
| Сениор-лектор | 2,8 | "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшу арқылы пайдалану" ББ бойынша бейіндік пәндер |
| Лауазымы | Бірліктер саны | Пән атауы |
|---|---|---|
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 3 | "Көлік қызметтері", "Бизнес және басқару", "салалар бойынша Логистика"бағыттары бойынша бейіндік пәндер |
| Сениор-лектор | 2 | "Көлік қызметтері", "Инженерия және инженерлік Іс (АҚ)" бағыты бойынша бейіндеуші пәндер |
| Лауазымы | Бірліктер саны | Пән атауы |
|---|---|---|
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 1 | Қазақстан Тарихы |
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 0.5 | Саясаттану |
| Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды профессор / Ассистент-профессор | 0.5 | Математика |
| Сениор-лектор | 3 | Инженерлік компьютерлік графика |
| Сениор-лектор | 1 | Физика |
| Сениор-лектор | 2 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
* *Конкурс өткізу кезінде үміткерлерге артықшылық беріледі:
1) IELTS деңгейіне 5,5-тен төмен емес ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты;
2) авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) кафедра меңгерушісі лауазымына құжаттарды тапсыру кезінде кафедраны дамыту жөніндегі пайымды (жоспарды) қоса беру қажет.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 19 маусымына дейін Ахметова 44, ADM 16 кабинет (HR департаменті) мекенжайы бойынша және/немесе электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2026 жылғы 19 маусымына сағат 23.59-дан кешіктірмей.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны Алматы қаласы, Ахметова көшесі, 44.
1. Өтініш 1 қосымшаға сәйкес;
2. Түйіндеме 2-қосымшаға сәйкес; Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
3. Өмірбаян (еркін түрде);
4. Жеке куәліктің көшірмесі;
5. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымшасы міндетті болып табылады;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары (соңғы 5 жылда);
7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жыл ішінде растайтын құжаттар мен бедерлер қоса берілген);
8. Кафедраны даярлау бағыты шеңберінде (еркін нысанда) оқытылатын пәндердің (модульдердің) әзірленген курстары туралы ақпарат (соңғы бес жыл ішінде);
9. Үміткер басшы немесе орындаушы (бар болса) болған ғылыми гранттар туралы анықтама (соңғы бес жылда);
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11.Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚКО анықтамасы;
13. Медициналық анықтама № 086/е нысан бойынша. «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі жасалады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады. Үміткер (Академияның ПОҚ қатарынан үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың үзіндісі) тұсаукесерін өткізеді. Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Қосымшалар: