EMBA

Іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) Авиациялық менеджмент. Білім беру бағдарламасы авиация саласындағы жоғары және орта буын басшылардың басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама авиациядағы стратегиялық басқару, қаржылық тиімділік, операциялық қызмет және басқарушылық шешім қабылдау туралы жүйелі түсінік қалыптастырады.

 

Сіз не үйренесіз
  • Әуе компаниялары мен әуежайлардың даму стратегиясын әзірлеу
  • Қаржылық және операциялық көрсеткіштер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау
  • Авиациялық бизнестің операциялық қызметі мен тиімділігін басқару
  • Авиацияда заманауи цифрлық және аналитикалық технологияларды қолдану
  • Авиация саласындағы маркетингті, жобаларды және инновацияларды басқару
  • Халықаралық бизнес-ортаны және бәсекелестік нарықты талдау
  • Тәуекелдерді басқару және бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету
  • Авиациялық және халықаралық құқық нормаларын қолдану
  • Көшбасшылық дағдыларды дамыту және командаларды тиімді басқару
Негізгі талаптар
  • 1. Жоғары білімнің болуы міндетті
  • 2. Кемінде 3 жыл расталған басқарушылық тәжірибе
  • 3. Сұрақ-жауап форматындағы жеке онлайн сұхбат
Оқу форматы
  • Айына бір рет модульдік оқу форматы (жұма, сенбі, жексенбі)
  • Ұзақтығы: 1 жыл
  • Оқыту тілі: орыс тілі
Оқу құны және төлем тәртібі
  • 2 500 000 теңге
  • Кезең-кезеңімен төлеу (2–4 транш). Корпоративтік төлем мүмкіндігі бар.
Бағдарлама мазмұны
  • Авиациядағы стратегиялық менеджмент
  • Авиациядағы қаржылық менеджмент
  • Авиациялық тәуекелдерді басқару
  • Әуе компаниялары мен әуежайлардың операциялық қызметін басқару
  • Авиациядағы жобаларды басқару
  • Көшбасшылық және ұйымдық мінез-құлық
  • Әуе көлігінің стратегиялық маркетингі
  • Авиациядағы ақпарат пен цифрлық технологияларды басқару
Қабылдау процесі
  • 1. Онлайн тіркелу және қабылдау құжаттарын жүктеу немесе АГА қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру (Алматы қ., Закарпатская көшесі, 44)
  • 2. Сұрақ-жауап форматындағы жеке онлайн сұхбат.
  • 3. Оқуға қабылдау және шартқа қол қою.
Қажетті құжаттар тізімі
  • 1. Басқарма Төрағасы – Ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына өтініш;
  • 2. Қосымшасымен бірге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;
  • 3. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
  • 4. Еңбек қызметі мен кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, электрондық еңбек кітапшасынан үзінді немесе өзге де растайтын құжаттар);
  • 5. Түйіндеме (CV).
  • Сұхбаттан өткеннен кейін:
  • 6. 3×4 өлшемді 2 дана фотосурет;
  • 7. 075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткендігі туралы картамен бірге).
Бағдарламаның басталуы
  • Қараша 2026
Оқу нәтижелері
  • Азаматтық авиация академиясының дипломы
  • Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі
  • Ұйымыңыздағы өзекті мәселені шешуге бағытталған магистрлік жоба

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы