Түлектер қауымдастығы

Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттері

Қауымдастықтың мақсаттары:

  • Түлектердің әлеуметтік маңыздылығын арттыру және Азаматтық Авиация Академиясын тану, корпоративті байланысты кеңейту, студенттер мен түлектер арасында корпоративті рухты сақтау бойынша күш-жігерін біріктіру;
  •  Азаматтық авиация академиясының түлектері, студенттері мен оқытушыларының кәсіби байланыстары мен коммуникация кешенін қалыптастыру;
  • Түлектердің өзін-өзі толық тануы үшін жағдай жасау, олардың кәсіби өсуіне ықпал ету;
  •  Білім беру, ғылыми, әлеуметтік және басқа жобаларды іске асыруда қауымдастық мүшелерінің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Азаматтық авиация академиясының дамыту стратегиясын іске асыруға көмек көрсету.


Мақсаттарға жету үшін Қауымдастық келесі міндеттерді шешеді:

  • Жоғары сапалы білім беруге ықпал ету, түлектердің кәсіби, экономикалық, компьютерлік біліктілігі мен мәдени деңгейінің тиімді түрлерін дамыту, функционалдық және жеке қасиеттерін жақсарту;
  •  Азаматтық авиация академиясының түлектері арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру және ААА сайтында мәліметтер банкін құру арқылы олардың Азаматтық авиация академиясымен байланысын нығайту;
  •  Білікті мамандарды даярлау, әлеуметтік интеграция мен ғылыми қызмет тетіктерін әзірлеу үшін мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен Азаматтық авиация академиясының арасында байланыс орнату;
  •  Азаматтық авиация академиясының жағымды имиджін қалыптастыруға және студенттердің өндірістік тәжірибелерді ұйымдастыруға көмек көрсету;
  • Азаматтық авиация академиясының дәстүрлерін дамыту және нығайту;
  • Халықаралық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, байқаулар және басқа іс-шаралар өткізу;
  • Түлектердің біліктілігін арттыруға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету (біліктілікті арттыру курстары, магистратура, докторантура);
  •  Қауымдастық мүшелері жұмыс жасайтын кәсіпорындармен оқу, ғылыми және өндірістік байланыстарды қолдау, нығайту және Азаматтық авиация академиясының  ғылыми әлеуетін осы кәсіпорындардың ғылыми, тәжірибелік және басқа мәселелерін шешуге тарту;
  • Қауымдастық мүшелерінің білім беру үдерісіне және кәсіптік жетістіктерін насихаттауға озық тәжірибелерін енгізу бойынша ұсыныстар.

Қауымдастық мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

Қауымдастық мүшелері тәуелсіздігін сақтайды.

Қауымдастықтың мүшелері осы Ережені мойындайтын және қауымдастықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға үлес қосатын Азаматтық авиация академиясының түлектері мен оқытушылары бола алады.

Қауымдастықтың құрметті мүшелігі бар.

Азаматтық авиация академиясының қалыптасуына, дамуына және беделінің нығаюына үлкен үлес қосқан қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен авиация мамандары, мемлекет, өнер және мәдениет қайраткерлері және басқалары Ассоциацияның құрметті мүшелері бола алады.

Азаматтық авиация академиясының дамуына үлес қосқан Қазақстандық және шетелдік ғалымдары мен авиақызметкерлері, өнер және мәдениет қайраткерлері мен  мемлекет қайраткерлері Қауымдастықтың құрметті мүшесі болуына мүмкіндіктері бар.

Құрметті мүшелік Қауымдастық Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблеяның шешімі бойынша кез-келген жеке немесе заңды тұлғаға оның қауымдастық алдындағы қызметін мойындағаны үшін, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясы үшін ерекше маңызы бар басқа қызметтері үшін беріледі.

Құрметті мүшелер Қауымдастық мүшелерінің құқықтарына ие емес және олардың міндеттерін атқармайды.

Қауымдастық мүшелеріне қабылдау жазбаша өтініш негізінде Қауымдастық Кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Қауымдастық мүшелігінен шығу туралы өтініш Қауымдастық Кеңесіне беріледі.

Қауымдастық мүшелерінің құқықтары:

• Осы Ережемен белгіленген тәртіпте Қауымдастықты басқаруға қатысу

Төмендегі сілтеме бойынша біздің веб-сайтқа тіркелуге болады:

Тіркелу:

Егер сіз тіркелген болсаңыз, сілтемеге өтіңіз:

Кіру:

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы