Азаматтық авиация академиясының білім беру және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастығы жетекші шетелдік университеттер, авиациялық оқу орталықтары, ғылыми-білім беру ассоциациялары мен ұйымдармен жасалған халықаралық келісімдер арқылы жүзеге асырылады.
Академияның қызметі әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануды, халықаралық бағдарламаларға қатысуды, шетелдік ғылыми-зерттеу және оқу орындарымен тікелей байланыстар орнатуды, бірлескен жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруды, халықаралық орталықтар құруды, сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушыларды тартуды қамтиды, бұл Академияның халықаралық беделін арттырады.
Қазіргі таңда Академия 17 елден 30 серіктеспен ынтымақтастық орнатқан, оның ішінде БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар да бар, бұл оның жаһандық академиялық қауымдастықтағы маңызды рөлін растайды (кестеге қараңыз):
-
«Ұлттық авиация университеті» АҚ
Украина
-
Ұлттық авиация академиясы "Азербайджан Хава Йоллары"
Әзірбайжан
-
Patria Pilot Training Oy
Финляндия
-
Университет аэронавтики Эмбри Риддл
АҚШ
-
«Көлік және коммуникация институты» АҚ (TSI)
Латвия
-
Балтық халықаралық академиясы
Латвия
-
Ұшу орталығы "F-AIR"
Чехия
-
Авиацияның бас маршалы Б.П. Бугаев атындағы Ульяновск азаматтық авиация институты.
Ресей
-
«Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны
Ресей,
-
Эскишехир техникалық университеті
Түркия
-
EE «Беларусь мемлекеттік авиация академиясы»
Беларусь
-
Уфа мемлекеттік авиациялық техникалық университеті
Ресей
-
«Пенза мемлекеттік университеті»
Ресей
-
И. Абдраимов атындағы Қырғыз авиация институты
Қырғызстан
-
Орынбор мемлекеттік университеті
Ресей
-
Kazimieras Simonavicius University
Литва
-
Civil Aviation University of China
Кытай
-
А.Н.Туполев атындағы Қазан ғылыми-зерттеу техникалық университеті – ҚАИ
Ресей
Азаматтық авиация академиясы авиациялық персоналды даярлаудың үлгілік бағдарламаларының талаптарына, сондай-ақ ИКАО ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласы үшін мамандарды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырады. Академияда халықаралық оқу орталықтары жұмыс істейді:
- ИКАО авиациялық қауіпсіздік оқу орталығы.
Академиялық ұтқырлық дегеніміз студенттердің белгілі бір академиялық кезеңде жергілікті немесе шетелдік серіктес ЖОО-да оқуын өтіп келуі. Бағдарламаға қатысу - бұл шетелдік ЖОО-да оқу тәжірибесін және бір мезгілде шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
1. бакалавриат 2-3 курстарында оқу;
2. ҚР-ның азамты болу;
3. Ағылшын тілін жетік білу - B1 деңгейін растайтын IELTS немесе TOEFL сертификаттарының иесі болу (Erasmus+, Bolashaq және т. б. стипендиялық бағдарламаларда қатысу үшін);
4. GPA 2.8 және одан жоғары (өз есебінен академиялық ұтқырлыққа қатысатын студенттер үшін GPA 2.8-ден бастап, GPA 3.0-ден жоғары студенттер стипендиялық бағдарламаларға қатыса алады).
Біздің Серіктестер
Халықаралық ынтымақтастық бойынша бас менеджер
Кужбанов Азамат Бейсембаевич
Кабинет: В218
8 727 346 92 06 (ішкі 229)
a.kujbanov@agakaz.kz
Халықаралық ынтымақтастық бойынша бас менеджер
Ахметова Клара Абдуллақызы
8 727 346 92 06 (ішкі 229)
k.akhmetova@agakaz.kz
Шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі менеджер
Кебе Фариза Сәбитбекқызы
8 727 346 92 06 (ішкі 229)
k.fariza@agakaz.kz