Қабылдау ережелері

     ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ

1-параграф. Докторантураға қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

1.Докторантураға магистр дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады. Академияда докторанттар контингентін қалыптастыру келесі БЖ бойынша жүзеге асырылады:

Даярлау бағыты

ББТ атауы

1

8D07101 Авиациялық техника және технологиялар

8D07101 Авиациялық техника және технологиялар

2

8D07102 -  Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану

8D07102 -  Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану

2.Докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

3.Шетелдік азаматтарды докторантураға қабылдау ақылы негізде, Академияның ҚК күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

4.Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

5.Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде адамдарды қабылдағаннан кейін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.

6.Докторантураға түсушілер үшін ҚК:

1) түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің таңдалған ББТ мәселелері бойынша консультация береды, түсу емтиханының рәсімімен таныстырады;

2) оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдауды және тексеруді ұйымдастыруды қамтиды;

3) ББТ бойынша түсу емтиханының өткізілуін ұйымдастыруды қамтиды.

7. Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау Академияның ҚК және ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 25 қазанынан 10 қарашасына дейін.

GRE (Graduate Record Examinations) халықаралық стандартталған тест сертификаты бар адамдар түсу емтиханына қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізуі қажет.

Көрсетілген сертификат балдарын түсу емтиханының балдарына ауыстыру ОҚҮҚ сәйкес мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде жүзеге асырылады

8.ББТ бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

1) күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;

2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылады.

9.Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші докторантураға түсу үшін 1 (бір) ЖОО-ны және 1 (бір) ББТ-ны таңдайды.

10.Докторантураға түсуші тұлғалар Академияның ҚК келесі құжаттар топтамасын тапсырады:

1) Академия Ректорының атына өтініш (еркін нысанда);

2) білімі туралы құжат (дипломның түпнұсқасы қосымшаларымен бірге);

3) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

5) №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/у нысаны бойынша медициналық құжаттама. Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, Академияға осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей медициналық анықтама ұсынылады;

6) ағылшын тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:

IELTS Academic, шекті балл – кемінде 5,0;

TOEFL IBT, шекті балл - кемінде 35;

TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 417;

TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде 550;

Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде 80.

7) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

9) шетел азаматтарын қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ).

6), 7), 9) - тармақтарда санамаланған құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

TOEFL ITР (Тest of English as a Foreign Language institutional Testing Program) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Максималды балл-100 балл.

 Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу "рұқсат беру" немесе "жібермеу"нысанында бағаланады. "Рұқсат" бағасын алу үшін кемінде 75 балл жинау қажет.

ҰТО ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізеді.

Ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсыру күні, уақыты және орны оқуға түсушілердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

Қосымша тестілеу нәтижелері бойынша электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және расталады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

 Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде ҚК оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.

 

2- параграф. Докторантураға түсу емтиханын өткізу

11.Докторантураға түсу емтиханы қағаз немесе компьютерлік форматта өткізіледі. Қабылдау емтиханы қағаз түрінде Академияда өткізіледі. Компьютерлік форматтағы түсу емтиханы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымдарда өткізіледі. Оқуға түсу емтихандарын тапсыру күні, уақыты және орны оқуға түсушілердің назарына олардың жеке кабинеті арқылы жеткізіледі.

12. Докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:

1) оқуға түсушімен Академияның емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

2) эссе жазу;

3) білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар.

Қорытынды баға 6-қосымшаға сәйкес эссені бағалау, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест, ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап және әңгімелесу нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығын білдіреді.

Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:

әңгімелесуге 20 минут;

эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға 190 минут (3 сағат 10 минут).

 Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 60 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

Қосымша тестілеу және түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеу және түсу емтиханының әкімшісі (бұдан әрі - Әкімші) түсушілерге қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу қағидалары бойынша нұсқама жүргізеді.

Қосымша тестілеу мен түсу емтиханы басталғаннан кейін уақыт бойынша 40 минуттан артық кешігіп келгендер қосымша тестілеуге және түсу емтиханына жіберілмейді.

Қосымша тестілеуді және қабылдау емтиханын бастау үшін үміткерге:

1) тестілеу жүйесіне кіру үшін логин және құпия сөзді енгізу;

2) немесе жеке сәйкестендіру номерін (бұдан әрі - ЖСН) енгізу;

3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

4) қосымша тестілеу және түсу емтиханын өткізу ережелерімен танысу;

5) түсу емтиханы туралы деректердің дұрыстығын растау;

6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін түсу емтиханын тапсыруға кірісу қажет.

Түсу емтиханы аяқталған соң түсушінің эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімдері бойынша жауаптары өзі таңдаған ЖЖКОБҰ-ға өңдеу және бағалау үшін жіберіледі.

Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесуді Академия "Эссе жазу"және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін дербес жүргізеді.

Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми - зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.

Әңгімелесу міндетті түрде бейне байланысты пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі. Бейнежазба архивте кемінде үш жыл сақталады.

Әңгімелесу емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

Оқуға түсуші әңгімелесуге келмеген жағдайда 0 балл қойылады, хаттамамен ресімделеді, оған емтихан комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

Түсу емтиханының нәтижелері түсу емтихандары өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

Түсу емтиханының және (немесе) апелляцияға өтінішті қараудың нәтижелері бойынша (апелляцияға өтініш берген жағдайда) түсушіге электрондық сертификат беріледі, ол ҰТО сайтында жарияланады және түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

Оқуға түсу емтиханының электрондық сертификаты ҰТО сайтында расталады.

4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

13. Академия ҒК эссе тақырыптарын, ББТ бейіні бойынша сұрақтарды түсу емтихандары басталардан екі ай бұрын бекітеді және эссенің бекітілген тақырыптарын, ББТ бейіні бойынша сұрақтарды Академияның ресми сайтында орналастырады.

14.Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде Академияда емтихан комиссиясы құрылады.

15.ББТ бойынша емтихан комиссиясы Академияның ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі немесе тиісті бейіні бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі бар ПОҚ, Академия қызметкерлерінен құрылады. Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді. Төрағаны көрсете отырып, емтихан комиссиясының құрамы Академия Ректорының бұйрығымен бекітіледі және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

Академияның емтихан комиссиясы оқуға түсушінің жеке коды бойынша жұмыстарды тексереді және қарау нәтижелерін ақпараттық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.

Түсу емтиханының нәтижелері емтихан өткізілгеннен кейін келесі күні жарияланады.

D105 - Авиациялық техника және технологиялар ББТ докторантураға түсуші тұлғалар ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарының бөлімін тапсырады және ОҚҮҚ сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде эссе жазудан босатылады.

Стандартталған GRE тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар түсу емтиханы мен конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі керек.

Сертификат балдарын ОДАТ және эссе жазу балдарына ауыстыру білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берілген кезде және Академияға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жүзеге асырылады.

Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін Академияның ҚК тексереді.

 

3 – параграф. Апелляция өткізу

16.Академияда түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы ҚК төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссия докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштерді қабылдайды және қарайды.

17.Докторантураға түсетін тұлғалардан апелляцияға берілетін өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке және ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Өтініштер докторантураға түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және Академияның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

Докторантураға түсу емтиханының компьютерлік форматтағы апелляциясына өтініш келесі күні нәтижелер жарияланғаннан кейін сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым базасында қабылданады.

Докторантураға түсетін тұлғалардың ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу бойынша тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляциясын Республикалық апелляциялық комиссия қарайды.

Техникалық себептер бойынша докторантурада апелляцияға өтінішті түсу емтиханын өткізу кезінде береді.

Техникалық себеп бойынша Апелляция нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмайтын тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтіндер, схемалар, суреттер, кестелер) болмаған жағдайда қаралады.

Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады.

Мазмұны бойынша докторантураға түсу емтиханының апелляциясына 40 минут беріледі.

Докторантураға түсуші тұлғалар мазмұны бойынша ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу апелляциясына өтінішті 30 минут ішінде береді.

Дәлелді негіздемені көрсетпей (жауап жоқ, толық түсіндірме, міндеттерді кезең-кезеңімен шешу) эссе жазу және ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру блоктары бойынша апелляцияға өтініштер қарауға жатпайды.

Эссе жазу, ББТ бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауап беру нәтижелері бойынша апелляцияны Академияның апелляциялық комиссиясы жүргізеді.

18.Апелляциялық комиссия өтінішті қараған кезде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

19. Апелляциялық комиссияның шешімдері комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы төраға және комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

 

4 – параграф. Докторантураға оқуға қабылдау

20.Тұлғаларды докторантураға ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның ББТ бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады (6-қосымша).

21.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада оқуға түсу емтиханы бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, докторантураға қабылдау кезінде басым құқық ББТ бейіні бойынша түсу емтиханында ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң эссе, ББ бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде Clarivate Analytics компаниясының Web of science деректер базасының Journal Citation Reports деректері бойынша соңғы күнтізбелік 3 жылдағы 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

22.Құжаттарды қабылдағаннан кейін 15 тамыздан 28 тамызға дейін/ 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін Академия докторанттары қатарына қабылдау туралы Ректордың бұйрығы шығарылады.

23.Академия білім беру саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

 

6-қосымша

Докторантураға түсу үшін 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

 

Тапсырма түрлері

Балдары

Әңгімелесу

30

Эссе

20

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан

50

Барлығы

100

 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы