«Авиациялық менеджмент» MBA бағдарламасы – авиация саласындағы басшылар мен мамандарға арналған, стратегия, қаржы, операциялық қызмет және бизнесті басқару салаларындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған бағдарлама.
Сіз не үйренесіз
Әуе компанияларының, әуежайлардың және басқа авиациялық ұйымдардың даму стратегияларын әзірлеу.
Қаржылық, операциялық және нарықтық көрсеткіштерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау.
Авиация саласында қаржыны, инвестицияларды және бизнес-жоспарлауды басқару.
Авиациялық бизнестің операциялық тиімділігін, сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Халықаралық талаптарға сәйкес тәуекелдерді, ұшу қауіпсіздігін және сапаны басқару.
Командаларды басқару, келіссөздерді тиімді жүргізу және ұйымдық өзгерістерді басқару.
Даму және цифрлық трансформация жобаларын жоспарлау және іске асыру.
Авиацияда маркетингтің, экономиканың және корпоративтік басқарудың заманауи құралдарын қолдану.
Негізгі талаптар
1. Жоғары білімнің болуы міндетті;
2. Кемінде 2 жыл расталған жұмыс тәжірибесі;
3. Сұрақ-жауап форматындағы жеке онлайн сұхбат;
4. КТ, IELTS, TOEFL және т.б. тапсыру талап етілмейді.
Оқу форматы
Модульдік оқу форматы, кешкі оқу, жұмыстан қол үзбей
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу құны
4 000 000 теңге
Кезең-кезеңімен төлеу мүмкіндігі бар (2–4 транш)
Корпоративтік төлем мүмкіндігі бар
Қабылдау процесі
1. Онлайн тіркелу және қабылдау құжаттарын жүктеу немесе АГА қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру (Алматы қ., Закарпатская көшесі, 44)
2. Сұрақ-жауап форматындағы жеке онлайн сұхбат.
3. Оқуға қабылдау және шартқа қол қою.
Бағдарлама мазмұны
Стратегия және көшбасшылық
Авиацияның қаржысы және экономикасы
Операциялық менеджмент
Тәуекелдер, қауіпсіздік және сапаны басқару
Маркетинг және бизнесті дамыту
Құқық және корпоративтік басқару
Қажетті құжаттар тізімі
1. Басқарма Төрағасы – Ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына өтініш;
2. Қосымшасымен бірге жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжат;
3. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4. Еңбек қызметі мен кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар (жұмыс орнынан анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, электрондық еңбек кітапшасынан үзінді немесе өзге де растайтын құжаттар);
5. Түйіндеме (CV).
Сұхбаттан өткеннен кейін:
6. 3×4 өлшемді 2 дана фотосурет;
7. 075/у нысанындағы медициналық анықтама (флюорографиядан өткендігі туралы картамен бірге).
Бағдарламаның басталуы
Қараша 2026
Оқу нәтижелері
Азаматтық авиация академиясының дипломы
Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі
Ұйымыңыздағы өзекті мәселені шешуге бағытталған магистрлік жоба