АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА

Бүгін Азаматтық авиация академиясына Грузия авиациялық университетінің делегациясы келді.

Кездесу барысында тараптар авиациялық білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Әсіресе авиация мамандарын даярлау тәжірибесімен алмасу және халықаралық академиялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі бейінді авиациялық жоғары оқу орны арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық расталды.

Халықаралық серіктестік Академияның дамуындағы маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Ол білім беру сапасын арттыруға және авиация саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы