№2 бөлім Көліктік радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды техникалық пайдалану (әуе көлігі) мамандығы бойынша азаматтық авиация үшін техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде жүргізіледі.
- Мамандығы: 07160800 - «Жердегі авиациялық радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану».
Біліктіліктері:
4S07160802 - радионавигация және радиолокация және байланыс жөніндегі Техник
4S07160803 - Техник-электрик
Бөлімнің негізгі мақсаты:
Еңбек нарығының шартына байланысты өзгеретін қажеттілікке сәйкес жағдайда өзінің таңдаған кәсіби қызметінде көшбасшылық қасиеттері дамыған құзыреттілікке ие жоғары кәсіби білікті мамандарды даярлау.
Бөлімнің міндеттері:
1) дуалды оқытуды іске асыру;
2) білім беру үдерісіне құзыреттілікке және басқа да инновациялық технологияларға негізделген ақпараттық-коммуникациялық, жеке тұлғаға бағытталған, модульдік технологияларды еңгізу;
3) білім беру процесінің барлық кезеңдерінде оқыту сапасын бақылауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
4) оқу процесін реттейтін нормативтік-әдістемелік құжаттаманы үнемі жетілдіру;
5) колледж жастарын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға шақыру;
6) жоғары үлгерім көрсеткіші бар білім алушыларды қолдаудың тиімді жүйесін құру;
7) практикалық оқытудың жаңа технологияларын, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қызметінің озық тәжірибесін енгізу;
8) практикалық оқыту ісінде оқытушылар құрамы мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және білім алушылардың кәсіби құзыреттерді игеруі, олардың өзіндік шығармашылық жұмысы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
9) кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізуге қатысу.
ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВР БОЙЫНША ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ:
5AB07160401 - жердегі авиациялық радиоэлектрондық жабдықты техникалық пайдаланудың қолданбалы бакалавры
5АВ07160701 - қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйелердің қолданбалы бакалавры