Лауазымы |
Ставка саны |
Пән атауы |
Сениор-лектор |
1 |
Ағылшын тілі |
Ассистент-оқытушы |
1 |
Ағылшын тілі |
Лауазымы |
Ставка саны |
Пән атауы |
Сениор-лектор |
1 |
Әлеуметтану |
0,5 |
Физика |
|
1 |
Саясаттану |
*Конкурс өткізу кезінде үміткерлерге артықшылық беріледі:
1) IELTS деңгейіне 5,5-тен төмен емес ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты;
2) авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі
1. Өтініш 1 қосымшаға сәйкес;
2. Түйіндеме 2-қосымшаға сәйкес;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
3. Өмірбаян (еркін түрде);
4. Жеке куәліктің көшірмесі;
5. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымшасы міндетті болып табылады;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары (соңғы 5 жылда);
7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жыл ішінде растайтын құжаттар мен бедерлер қоса берілген);
8. Кафедраны даярлау бағыты шеңберінде (еркін нысанда) оқытылатын пәндердің (модульдердің) әзірленген курстары туралы ақпарат (соңғы бес жыл ішінде);
9. Үміткер басшы немесе орындаушы (бар болса) болған ғылыми гранттар туралы анықтама (соңғы бес жылда);
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚКО анықтамасы.
12. Медициналық анықтама № 086/е нысан бойынша.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі жасалады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады.
Үміткер (Академияның ПОҚ қатарынан үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың үзіндісі) тұсаукесерін өткізеді.
Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 11 қазанынан бастап 2024 жылғы 10 қарашасына дейін Закарпатская 44, №212 кабинет (HR департаменті) мекенжайы бойынша және/немесе электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2024 жылғы 10 қарашасы сағат 23.59-дан кешіктірмей.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны.
Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44.
Кафедра |
Лауазымы |
Ставка саны |
Авиациялық ағылшын тілі |
Кафедра меңгерушісі |
1 |
Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 24 қазаннан 22 қарашаға дейін Закарпатская 44, №212 кабинет (HR департаменті) мекенжайы бойынша және/немесе электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2024 жылғы 22 қараша сағат 23.59-дан кешіктірмей.
"Азаматтық авиация академиясы" АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44.