«Адалдық сағаты акциясы» шеңберінде парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған студенттік активпен бірыңғай кездесу

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі-Академия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында 2024 жылғы 21 қазанда Академияның комплаенс-офицерінің бастамасымен Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығымен бірлесіп, «Адалдық сағаты акциясы» шеңберінде парасаттылық және академиялық адалдық мәселелеріне арналған студенттік активпен бірыңғай кездесу өткізілді. 

«Адалдық сағаты акциясы» акциясы аясында Академия студенттеріне келесі тақырыптар бойынша бейне-дәрістер көрсетілді:

«МҰХТАР МҰРАСЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ»

«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН» 

 

Бүгін Академия қабырғасында «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.

Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.

Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».

Осылайша осы ойы арқылы жастардың бойындағы сенімнің маңыздылығын, сонымен қатар өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзейді.

Ұлтжандылық пен батырдың ана тілге деген құрметі ерекше назар аудартады.

Ол: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту», – деген.

Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.

Аталған құндылықтарды жастардың бойына сіңіру арқылы адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттер жоғары бағаланатын, жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп біздің Академия сенім білдіреді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

 

Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=6k3CdlKT6tw&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

https://www.youtube.com/watch?v=260U3TeKVJM

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы