2022 жылдың қыркүйек айының 5-інде Алматы Энергетика және Байланыс университетінде Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді. Аталған жиынды Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары Қауымдастығының президенті
Р.А. Алшанов жүргізді. Аталған жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары, профессорлық-оқытушылық құрамның оқытушылары, ғалымдар қатысты.
Салтанатты жиын барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы екендігі, ағартушылық қызметі жайында мазмұнды баяндамалар жасалып, өмірі мен шығармашылығы туралы көрме ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Азаматтық Авиация Академиясы атынан «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы мен оқытушы-зерттеуші, докторант Елубай Асем Мамешқызы қатысып, ой бөлісті. Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиын жоғары дәрежеде өтілді.