Азаматтық авиация академиясы ALICANTO құрамынын дөңгелек үстеліне қатнасты

ALICANTO авиациялық университеттердің халықаралық қауымдастығы ұйымның тең төрағасы А.Альбриттон ханымның жетекшілігімен авиациялық университеттердің өзара іс-қимылына арналған дөңгелек үстел өткізді. ALICANTO құрамына дүние жүзіндегі азаматтық авиация саласындағы мамандарды дайындайтын 37 университет кіреді. Азаматтық авиация академиясы 2 жылдан бері қауымдастықтың мүшесі. Академия алғашқы рет тұсаукесерін қауымдастық мүшелеріне енгізілді. Академия оқу үдерісін техникалық жарақтандыруға және ИКАО, IATA және EASA сияқты халықаралық авиациялық ұйымдармен сертификатталған кәсіби орталықтардың жұмысына үлкен көңіл бөледі. Академияның Даму бағдарламасы және оның халықаралық ұстанымы қызығушылық танытты, өйткені ол Орталық Азиядағы жалғыз мамандандырылған авиациялық университеті. Академияда 42 шетелдік студент оқиды. Қатысушылар Академияның географиясы мен халықаралық ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге ұмтылысын қолдады. ALICANTO аясындағы ынтымақтастықтың алғашқы нәтижесі ретінде дөңгелек үстелге қатысушылар біздің университетпен әрекеттесугедайын екендіктерін білдірді, дәл айтқанда, Академияның докторанттар үшін халықаралық тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру туралы өтінішін талқылады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы