Бүгін 2022 жылдың 13 шілдесінде мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Өтінімдер 13 шілдеден 20 шілдеге дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау КЕЗ КЕЛГЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы онлайн және офлайн форматта жүзеге асырылады.
Азаматтық авиация академиясының қабылдау комиссиясы дс - сб сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Академияның мекен-жайы: Алматы қаласы, Закарпатская көшесі (Ахметова), 44.
Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.