АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17-ші ақпан күні Азаматтық авиация академиясында Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан интернационалист жауынгерлермен «Біртұтас ел – біртұтас жер» атты әскери-патриоттық кездесу өтті. Іс-шараға Академия басшылығы, студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ қалалық интернационалист жауынгерлер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Құрметті қонақтар қызмет барысында бастан өткерген оқиғаларымен бөлісіп, ерлік, әскери борыш және тарихи жадты сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің мәнін ерекше атап өтті.

Кездесу аясында қонақтарға және іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқан Академия қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Ынтымақтастықты нығайту және ризашылық белгісі ретінде қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Академия ректорына Таулы Қарабақ қақтығысына арналған кітапты сыйға тартты.

Кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын маңызды алаңға айналып, студенттердің азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және Отан қорғаушылардың ерлігіне деген құрметін арттыруға ықпал етті.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы