ҚАЗАҚСТАН–СИНГАПУР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: СТУДЕНТТЕР АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Азаматтық авиация академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 4 ай бойы білім алған Temasek Polytechnic студенттеріне сертификаттар табысталды. Бағдарлама 2025 жылғы 27 қаңтарда қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асырылды.

2025 жылғы 20 қазан мен 2026 жылғы 20 ақпан аралығында сингапурлық студенттер Академияда білім алып, кәсіби пәндер бойынша теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Олар оқу сабақтарымен қатар мәдени және танымдық іс-шараларға белсенді қатысып, Қазақстанның тарихы мен салт-дәстүрімен танысты.

Меморандум аясында 2025 жылдың басында Академияның 3 студенті мен 2 оқытушысы Сингапурда екі апталық тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтады.

Алдағы кезеңде серіктестік жалғасып, 2026 жылғы маусым айында профессор-оқытушылар құрамының алмасу бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл қадам екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы