2022 жылғы 30 мамырда Академиялық қызмет жөніндегі проректор Қайрат Болатұлы Жақыповтың төрағалығымен академиялық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Академиялық кеңес отырысында келесі мәселелер қарастырылды:
кафедралардың 2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспарларының орындалуы;
білім беру қызметтерінің сапасын бақылау, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі қарастырылды.
Кафедра меңгерушілері кафедраның 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыс есебін және кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының жай-күйін баяндады.
Сапа жөніндегі бас менеджер Үсенов М.А. сабақтарды жүргізу және оқу үдерісін ұйымдастыру сапасына талдау жасады.
Күн тәртібін талқылау қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, Академияның материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту ұсынылды.