
Академиямызда Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық ойындар бойынша жарыстар өтті! Студенттер мен қызметкерлер қазақтың дәстүрлі ойындарына белсене қатысып, өз шеберліктерін сынады.
Қатысушылар арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарда бақ сынап, шынайы жарыс рухын сезінді. Әр команда жеңіске деген құштарлықпен, ерекше ынта-жігермен ойындарға қатысты.
Осындай шаралар ата-бабамыздан қалған дәстүрді сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!