10-12 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) халықаралық симпозиумы өтуде.

10-12 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) халықаралық симпозиумы өтуде. Бұл іс-шара авиация саласының жаһандық дамуының негізгі тұжырымдамалық мәселелеріне арналған. Симпозиум аясында тұрақты даму мен авиация мамандарын даярлау мәселелері талқыланады.

Симпозиумның негізгі бағыттарының бірі – ICAO TRAINAIR PLUS бағдарламасын дамыту, бұл бағдарлама қазіргі таңда авиация қызметкерлерін оқыту жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. 2024 жылдың сәуір айынан бастап Азаматтық авиация академиясы осы бағдарламаның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Бұл біздің оқу орнымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және кәсіби мамандарды даярлаудағы жоғары деңгейін растайды.

Симпозиум барысында Академия өкілдеріне ICAO TRAINAIR PLUS бағдарламасына қатысушы мәртебесін растайтын арнайы белгі табысталды. Бұл мәртебе Академияның авиациялық оқу орталықтарының жаһандық желісіне интеграциялануына, сондай-ақ өзінің оқу ресурстарын халықаралық авиация қауымдастығына ұсынуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Академия ICAO бағдарламасының логотипін ресми түрде қолдануға және авиациялық қауіпсіздік бойынша курстарды халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге құқылы.

Симпозиум жұмысына РГП «Казаэронавигация» делегациясы да қатысты. Делегация мүшелеріне бағдарламаның платина деңгейдегі қатысушысы екенін растайтын арнайы белгі табысталды. Академия әріптестерін осы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта осы бағытта дамуды жалғастыруды мақсат етеді.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы