Авиациядағы мансаптың бастауы: студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметінің өкілдерімен кездесуі

Азаматтық авиация академиясында 3-курс студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиациялық қызметінің өкілдерімен жүздесті.

Кездесу барысында болашақ авиация мамандарына осы саладағы мансаптық мүмкіндіктер, жұмысқа орналасу талаптары мен кәсіби өсу жолдары кеңінен таныстырылды.

ҚР Авиациялық қызметінің өкілдері студенттермен ашық диалог орнатып, олардың сұрақтарына жауап берді. Олардың қатарында:

✔ Тимур Мәлікович Медетқалиев – Авиация басқармасы басшысының орынбасары

✔ Максат Абдіқалиевич Абдіқалиев – кадр бөлімінің басшысы

✔ Қайрат Болатович Жұмағалиев – аға инженер

✔ Сухраб Алимжанович Исмаилов – инженер

✔ Нұржан Оралғазыұлы Іскенов – ұшқыш

Сала мамандары өз қызметтерінің ерекшеліктері, авиациядағы кәсіби даму жолдары мен еңбек шарттары жайлы баяндады. Студенттер іріктеу талаптары, оқудан кейінгі мүмкіндіктер мен жұмыстың күнделікті ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Кездесу қорытындысында ведомство өкілдері түлектерді қазірден бастап түйіндемелерін жолдап, іріктеу кезеңіне қатысуға шақырды. Бұл – еліміздің әуе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби ұжымның қатарына қосылудың үлкен мүмкіндігі.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы