Азаматтық авиация қызметкерлері күні: дәстүр, марапат және ұрпақтар сабақтастығы

Азаматтық авиация академиясында сала мамандарына арналған мерекелік кеш өтті.

Шара кітапхананың ашылуымен басталды. Бұл орын авиация тарихын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа білім мен тәжірибені жеткізетін рухани орталыққа айналмақ.

Іс-шарада ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының м.а. Жарылғасов С.Б. құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарының қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қосқан үлесін атап өтті. Кеш барысында марапаттар табысталды:

🏅 «Құрметті авиатор» белгісі – кәсібилігі мен адалдығы үшін

🎖️ «Еңбек ардагері» атағы – авиация саласына өмірін арнаған ардагерлерге

📜 Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар – саланың дамуына қосқан үлесі үшін.

Ардагерлер жас мамандармен естеліктерімен бөлісіп, авиация дәстүрі мен жауапкершіліктің маңыздылығы жайлы айтты. Кеш студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасымен аяқталып, жылы лебіздер мен бірлік атмосферасына толы ерекше күн болды.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы