
Бүгін – өмірін азаматтық авиацияға арнаған мамандардың мерекесі!
Ұшқыштар, авиадиспетчерлер, инженерлер, бортсеріктер, техникалық мамандар, әуежай мен әуе компания қызметкерлері – сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан авиациясы дамып, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді. Кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз зор құрметке лайық.
Сіздерге сәттілік, табыс және амандық тілейміз!
Мереке құтты болсын!