12-14 қараша аралығында Түркияның Анталия қаласында Азаматтық авиацияда жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану мәселелеріне арналған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) негізгі конференциясы өтуде. Бұл шараға жетекші сала сарапшылары мен мамандары, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды. Құрметті қонақтардың қатарында ИКАО Бас хатшысы мен Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі бар.
Конференцияға қатысу – еліміздің авиация саласына заманауи технологияларды енгізу маңызын көрсетуде.
Жасанды интеллект азаматтық авиацияда айтарлықтай жаңа мүмкіндіктер ашады: деректерді талдау, болжам жасау, қызметтерді жекелендіру, табыс пен маркетингті басқару және, ең маңыздысы, авиациялық және киберқауіпсіздік мәселелері. ЖИ енгізу техникалық қызмет көрсетуді жетілдіруге, процестерді оңтайландыруға және қоршаған ортаны қорғауға жаңа мүмкіндіктер беріп, тұрақты дамуға ықпал етеді.
ИКАО конференциясы авиацияда жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруға бағытталған. Талқыланатын негізгі тақырыптардың қатарында деректерді қорғау, реттеу және ЖИ-ге байланысты этикалық мәселелер бар. ИКАО және халықаралық қауымдастық сарапшылары технологиялық прогресс жағдайында авиацияның болашағын анықтауға көмектесетін ұсыныстар мен идеялармен бөлісуде.