«Білім беру және өндіріс: өзара әрекеттің тиімді үлгісі» тақырыбында халықаралық вебинар өтті. Вебинар «Төрт модельді оқытуды әзірлеу және енгізу» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Вебинар барысында қатысушылар Азаматтық авиация академиясының ғылыми жетістіктері, төрт модельді әдістемеге негізделген «Кәсіби ағылшын тілі» оқулығын құрастыру және жұмыс берушілердің мамандарды бірлесіп даярлауға қосатын үлесі туралы талқылады. Әсіресе, Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік нұсқаушысы Кашифа Кенжалиева жұмыс берушілердің тәжірибесі туралы айтты.

Сондай-ақ, Пулково халықаралық әуежайымен ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылған тәжірибелер мен тағылымдамаларға арналған талқылау қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Вебинар соңында қатысушылар белсенді пікір алмасты.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы