Азаматтық авиация академиясының өкілдері Бухара қаласының Жастар орталығында өткен «Білім және Мамандық 2024» атты XXVI халықаралық көрмеге қатысты. Көрмеге әлемнің әртүрлі елдерінен келген 15-тен астам жетекші жоғары оқу орындары қатысты.
Көрмеге келушілер:
— Азаматтық авиация академиясы мен басқа да жетекші жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларымен танысты;
— Академияға түсу, оқу және студенттік өмір туралы өзекті ақпарат алды;
— Біздің өкілдермен түсу талаптары мен құжаттарды тапсыру шарттарын талқылады;
— Грант алу және тегін білім алу мүмкіндіктері туралы білді;
— Авиация және басқа да салалар бойынша болашақ білім алу бағыттарын таңдады.
Бұдан әрі біздің өкілдер келесі қалалардағы көрмелерге қатысады:
- 18 қазан – Ферғана, Жастар одағы;
- 19 қазан – Андижан, Жастар одағы.
Барлықтарыңызды біздің стендке келуге шақырамыз! Азаматтық авиация академиясында оқудың мүмкіндіктері туралы білуге және барлық сұрақтарыңызға жауап алуға асығыңыздар.