Азаматтық авиация академиясында Эмбри-Риддл аэронавтика университетінің (АҚШ) Халықаралық бағдарламалар департаментінің Study Abroad & Global Engagement директоры Sue Macchiarella-мен кездесу өтті.

Азаматтық авиация академиясында Эмбри-Риддл аэронавтика университетінің (АҚШ) Халықаралық бағдарламалар департаментінің Study Abroad & Global Engagement директоры Sue Macchiarella-мен кездесу өтті. Кездесу барысында білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, студенттердің академиялық ұтқырлығы, тағылымдамалар және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру бағдарламалары талқыланды.

Академия ректоры екі оқу орнының арасында бірлескен ғылыми жобаны құру бастамасын ұсынды, бұл тәжірибе алмасу және авиация саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл ынтымақтастық академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, сондай-ақ жаһандық деңгейде ғылыми және білім беру бастамаларын іске асыруға маңызды қадам болады. Mrs. Macchiarella академияның Орталық Азиядағы кадр даярлау бойынша басты ойыншыға айнала алатынын атап өтті.

Кейін қонағымыз Академия студенттерімен кездесіп, академиялық ұтқырлық пен халықаралық білім беру бағдарламаларының перспективаларын талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Эмбри-Риддл аэронавтика университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің студентіміз Таирхан Аккуанов білім алған болатын. Болашақ ұшқыш бір семестрде АҚШ оқытушыларының қызығушылығын оятып, Азаматтық авиация академиясының атын жоғары дәрежеде көрсетті.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы