ШҚО-да авиациялық колледж ашудың перспективалары талқыланды

Азаматтық авиация академиясына жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің директоры Оралбек Оспанов келіп, ШҚО-да авиациялық кадрларды даярлау бөлімін ашу туралы мәліметтерді талқылады.

Бұған дейін Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен өңірде авиацияны дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізген болатын. Өңірдің перспективалық екенін атап өткенде, авиация саласының орта буын мамандары мен жұмысшы мамандықтарын сол жерде оқытудың қажеттілігі айтылды.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Оралбек Оспанов жоғары оқу орны мен авиациялық колледждің жұмысымен, оның материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен және АЖЗ-405-тегі практикалық орындарымен танысты, сондай-ақ колледждің әкімшілігі және

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы