ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК ЕКЕНІН АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҮЙРЕНДІ 🌍⚠️

Бүгін сағат 10:00-де Азаматтық авиация академиясында оқу дабылы қағылды 🚨. Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер ғимараттан ұйымдасқан түрде шығып 🏫, сапқа тұрды 🧍‍♂️🧍‍♀️. Одан кейін академияның Қауіпсіздік қызметінің басшысы төтенше жағдайлар кезіндегі, атап айтқанда жер сілкінісі кезіндегі ережелерін еске салды. Аталған жағдайларда ең бастысы — сабырлылық пен қырағылықты сақтау керектігін 😌👀 атап өтті, сондай-ақ келесі жалпы қабылданған ережелерге назар аударған болатын:

- Жер сілкінісіне дейін (дайындық):

🗺️ Эвакуация жоспарын жасаңыз: үйде 🏠, көшеде 🌳 және жұмыста 🏢 қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап қойыңыз.

📦 Жиһаз бен ауыр заттарды бекітіңіз: сілкініс кезінде олар құлап кетуі мүмкін.

🎒 Төтенше жағдайларға арналған сөмке жинаңыз: оған су 💧, тамақ 🍫, дәрі-дәрмек 🚑, фонарь 🔦, құжаттар 📄 және ақша 💵 салыңыз.

- Жер сілкінісі кезінде:

Ғимарат ішінде:

🏠 Іште қалыңыз. Сыртқа жүгірмеңіз, бұл қауіпті болуы мүмкін.

🛏️ Қауіпсіз орын табыңыз: үстелдің астында, есік жақтауларында, терезелерден 🪟, айналардан және құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан 📚 алыс тұрыңыз.

🙆‍♂️ Басыңыз бен мойыныңызды қорғаңыз: қолдарыңызбен немесе заттармен жабыныңыз.

🛑 Лифт пайдаланбаңыз.

Көшеде:

🚶‍♀️ Ғимараттардан, ағаштардан 🌳, бағандардан және электр сымдарынан ⚡ аулақ болыңыз.

🏞️ Үстіңізге ештеңе құлап кетпейтін ашық жерді табыңыз.

Көлікте:

🚗 Көпірлерден, туннельдерден және ғимараттардан мүмкіндігінше алыс жерде тоқтаңыз.

🚘 Сілкініс тоқтағанша көлікте болыңыз.

-Жер сілкінісінен кейін:

🩹 Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды тексеріңіз, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіңіз.

⛔ Қауіпті аймақтардан аулақ болыңыз: қираған ғимараттарға 🏚️, электр сымдарына және басқа да қауіп-қатер көздеріне жақындамаңыз.

🔥 Ашық отты пайдаланбаңыз, себебі газдың ағуы мүмкін.

📡 Байланыста болыңыз: радио 📻, теледидар 📺 тыңдаңыз немесе телефондағы 📱 хабарламаларды қадағалап, құтқару қызметтерінен 🚒 хабар күтіңіз.

🌪️ Кейінгі сілкіністерге дайын болыңыз — жер сілкінісінен кейінгі толқындар қауіпті болуы мүмкін.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы