2024 жылдың 20 маусымында Азаматтық авиация академиясы мен Мәскеу авиация институтының "Восход" филиалы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында филиал басшылығымен кездесу өтті.

2024 жылдың 20 маусымында Азаматтық авиация академиясы мен Мәскеу авиация институтының "Восход" филиалы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында филиал басшылығымен кездесу өтті. Білім беру және ғылыми қызмет саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі бағытар талқыланды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу және жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу перспективаларын талқылаған болатын. Азаматтық авиация академиясы мен МАИ арасындағы ынтымақтастық авиация саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауда әріптестік нығайтуға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы