Азаматтық авиация академиясында Білім күніне орай салтанатты жиын өтіп, оған сала ардагерлері қатысты.

Осы шара барысында ұрпақтар сабақтастығы, үлкендерден жастарға тәжірибе мен білім берудің маңыздылығы айтылды.

Заманауи авиацияның іргетасын қалаған ардагерлеріміздің Қазақстанның азаматтық авиациясының болашағына дем беріп, қолдау көрсетіп келе жатқанын мақтан тұтамыз.

Біз оларға баға жетпес үлестері үшін алғыс білдіреміз және студенттерімізге осы көрнекті мамандар салған жолды сәтті жалғастыруға тілектеспіз.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы