Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін маңызды оқиға!

Монреаль қаласында (Канада) Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Тұрақты өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев, ИКАО Кеңесінің Президенті, ИКАО Бас хатшысы, сондай-ақ ИКАО-ға мүше елдердің авиациялық билік өкілдері қатысты. Қазақстан Орталық Азиядағы ИКАО Тұрақты өкілдігі бар бірінші мемлекет! 🎉

Бұл Қазақстанның авиация саласын дамытуға және оның халықаралық ықпалын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатын үлкен қадам болып табылады. ИКАО – БҰҰ-ның 193 елден тұратын ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын бекітетін мамандандырылған мекеме.

Қазақстанның ИКАО-да өкілдігінің ашылуы ұйыммен белсенді ынтымақтастық үшін бірегей жағдайлар жасайды, бұл ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтауға және пайдалану көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы