ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ: СИНГАПУР ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сингапурдың Temasek политехникалық институтының делегациясы Азаматтық авиация академиясына жұмыс сапарымен келген болатын. Делегаттар құрамының ішінде -

проректор және бас дректорының орынбасары AW Tuan Kee мырза Инженерлік мектеп директорының орынбасары KOH Poh Tee ханым, Temasek Skills Future академиясының басшысы Faizal Zainal мырза және директордың халықаралық байланыстар жөніндегі көмекшісі Katherina TAN ханым.

Жиын барысында бірлескен ынтымақтастық мамандарды даярлаудан бастап мұғалімдердің біліктілігін арттыруға дейін жан-жақты қарастырылған болатан. Алайда, жиналған қауым академиялық сұрақтардан бөлек ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялауға да назар аударғанын атап өткені дұрыс. Осы қадам тығыз ғылыми байланыс орнатудағы маңызды болып ьабылады. Сапар екі тарап арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге дайын екендігін көрсетті. Аталған шешімдер тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада авиациялық білімнің дамуына жақсы әсер ететін озық әдістер мен тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, академия Сингапур институты мен AirAstana әуекомпаниясы арасындағы байланыстырушысына айналды. Темасек жергілікті әуекомпанияға студенттерін тәжірибеден өтуге жіберуге ниетті, өйткені олардың басқару жүйесі қазіргі уақытта институт студенттері оқитын әйгілі Lufthansa әуекомпаниясына ұқсас. Кездесуде Сингапур, академия, Lufthansa және AirAstana авиакомпаниялары арасындағы төртжақты келісімінің мүмкіндіктері де талқыланды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы