Азаматтық авиация академиясында «Қазаэронавигация» РМК (КАН) Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін даярлаудың бірлескен бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Азаматтық авиация академиясында «Қазаэронавигация» РМК (КАН) Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін даярлаудың бірлескен бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Бұл мүмкіндік білім беру бағдарламасына қарамастан барлық екінші курс студенттеріне (2023 қабылдау) ашық. Іріктеуден сәтті өткеннен кейін басқа білім бағдарлама студенттері «Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуларды аэронавигациялық қамтамасыз ету» білім бағдарламасына ауысуы тиіс.

❓Сізді не күтуде:

- 2-3 курс – Азаматтық авиация академиясында оқыту, 4 курс- Казаэронавигацияда кәсіптік даярлау.

- стипендия: КАН-да оқу кезінде сізге стипендия төленеді.

- жұмысқа орналасу: түлектер өз мансабын бірден КАН-да бастай алады.

🔴Іріктеу кезеңдері:

1. Ағылшын тілін тексеру;

2. Медициналық күәләандіру және психофизиологиялық тестілеу;

3. Абстрактілі кеңістіктік ойлауды бағалау;

4. Тренажер емтиханы;

5. Жеке сұхбат.

Қалай өтініш беруге болады:

Өтініштер 9 тамызына дейін Студенттерге қызмет көрсету орталығына немесе осы мекенжай бойынша қабылданады: sscenter@agakaz.kz

🚩Іріктеу-16 тамызға дейін өтетін болады.

КАН-мен бірге авиация әлеміне қызықты саяхатқа шығатын 10 бақытты адамның бірі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

2024 жылғы 9 тамыз күні КАН өкілдерімен онлайн кездесу өтеді. Студенттер өз сұрақтарына жауап алады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы