Азаматтық авиация академиясының студенті Дамир Гафаров Қонаев қаласында өткен Oceanman Kazakhstan-2024 ашық суда жүзуге қатысты. Жарыста ол өзінің жоғары деңгейдегі дайындығы мен табандылығын көрсетіп, 10 км қашықтықта жүзуден 1-ші орынды иеленді.
Қапшағай су қоймасында өткен Oceanman Kazakhstan-2024 халықаралық жүзуі он жеті елден 2600-ден астам жүзушіні қамтыды, бұл бәсекелестіктің жоғары деңгейі мен осы іс-шараның маңыздылығын айғақтайды. Сайыста әртүрлі қашықтықтарда жарыс өтті, онда қатысушалар өз күштерін сынап, бас жүлделер үшін күресті.