2022 жылдың cәуір айының 15 -і күні сағат 11.00-де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырылуымен «Латын әліпбиіне көшу - бүгінгі заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында студенттер латын әліпбиіне байланысты пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті. Латын әліпбиі туралы баяндамалар жасап, презентациялар көрсетті. «Латын әліпбиіне көшу -бүгінгі заман талабы» атты дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өтілді.