📢 Өткен аптада Авиациялық персоналды даярлау және тестілеу орталығы «Train the Trainers»✈️ авиациялық оқу орталықтарының нұсқаушыларын бастапқы даярлау бойынша курсты табысты өткізді. ️

Іс шараға "Dala Air" ЖШС, "Шымкент әуежайы" АҚ, ҚР ПІБ "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы ШЖҚ РМК қызметкерлері қатысты. Бұл іс-шара авиациялық персоналдың біліктілігін арттыруда және әріптестерімен өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісетін жаңа нұсқаушыларды даярлауда маңызды қадам болды.

Курс нұсқаушысы: Богачева Марина Алексеевна.

Егер сіздер де осы курстан өтіп, кәсіби дағдыларыңызды арттырғыларыңыз келсе, Нағайбаева Сабина Тулебаеваға жазыңыз:

📧 tn.sabina@agakaz.kz

📞 +7 705 411 92 65

Кәсіби команданың бір бөлігі болу және азаматтық авиацияны дамытуға өз үлесіңізді қосу мүмкіндігін жібермеңіз!

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы