2023 жылдан бастап Азаматтық авиация академиясы әлемдік университеттердің Times Higher Education рейтингіне қатысып келеді

Бұл рейтинг алтыншы жыл қатарынан құрастырылып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуді көрсетеді.

2024 жылы рейтингке 125 елден 2125 университет кірді. Германия университеттері әлемдік көшбасшы болып табылады. Ең көп ұсынылған университеттер Үндістан, Түркия және Пәкістан. Қазақстан рейтингте 26 университетпен ұсынылған, бұл рейтингке 10 университет кірген 2022 жылмен салыстырғанда шамамен үш есеге артық.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік 700 (401-600 орын) позициясына көтерілді. Рейтингке сонымен қатар 6 ұлттық университет, 10 мемлекеттік және 9 жекеменшік университет кірді. Жаңа талдау континенттер, елдер және университеттер бойынша деректерді салыстырды. Қазақстандық университеттер рейтингке енген негізгі көрсеткіштер білім сапасы, гендерлік теңдік және тұрақты даму мақсаттары мүддесіндегі серіктестік болды.

Өткен жылы Азаматтық авиация академиясы рейтингке «репортер» мәртебесімен енді. 2024 жылы Академия 2125 университеттің ішінде 1501-ші орынды иеленді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы