Қол қойылған меморандум Академия студенттеріне «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім алуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Меморандумның мақсаты мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.
Бұл қазақстандық студенттерге озық білім беру бағдарламалары мен технологияларына қол жеткізуге мүмкіндік беріп, әлемнің жетекші оқу орындарында бірегей білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама АҚШ, Ұлыбритания, Германия және басқа да көптеген елдерде оқытуды қамтиды. Оқуды аяқтағаннан кейін олар алған білімі мен тәжірибесін Қазақстанның авиация саласын дамыту үшін қолдана алады, бұл меморандумның басымдылықтарының бірі болып табылады.
Суретте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин және Азаматтық авиация академиясының HR-директоры Айтжамал Аманжалова.