2024 жылдың 23 мамыр күні “Авиациялық ағылышын тілі” кафедрасының профессоры, ф.ғ.к, Г. Тулекова «ПОҚ арасында ЖОО гранты бойынша конкурстық ғылыми-зерттеу жұмыстарын және Азаматтық Авиация Академиясының білім алушылары арасында стартап жобаларды бекіту туралы» № 94, 9.04.2024 жылғы бұйрығы негізінде бекітілген «Азаматтық авиация саласы мамандарының тілдік коммуникациясын жоғарлату әдістемесін талдау және психолингвистикалық мәселелерді зерттеу» атты ғылыми жобаны жүзеге асыру бойынша Астана қаласына іс-сапарға барды. Іс-сапар барысында “Ш. Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ҰҒПО” КЕАҚ орталығында болып, әдіскер мамандармен қазақ тілін оқытуда заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша тәжірбиемен алмасты. Аталған мәселе бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ӘдістемеLAB жетекшісі, ф.ғ.к. Искакова Жазира Мақсұтқызымен ой бөлісті. Сонымен қатар, Г. Тулекова 2024 жылдың 13-24 мамыр аралығында 72 сағаттық “Оқытушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жасанды интеллектіні интеграциялауға бағытталған қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері” тақырыбында өткен республикалық онлайн-семинардың сертификатымен марапатталды.