ҮСТЕЛ ТЕННИСІ БОЙЫНША КОМАНДАМЫЗДЫ ҚОЛДАЙЫҚ!

28 қаңтар күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күніне арналған үстел теннисінен ашық турнир өтеді.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысады. Оған «Қазаэронавигация» РМК, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларының әуежайлары және басқа да отандық әуежайлар мен авиакомпаниялар қатысады.

«Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күніне арналған үстел теннисінен ашық турнир салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің дене шынығуын қалыптастыру және азаматтық авиация қызметкерлері арасында командалық рух пен ұйымшылдықты нығайту мақсатында өткізіледі.», - деп хабарлады Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы