Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Алматыда стартап жобаларын ұсынатын студенттермен жиі кездесуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Алматыда стартап жобаларын ұсынатын студенттермен жиі кездесуді жоспарлап отыр. Кездесуге Азаматтық авиация академиясының белсенділері қатысып, өздерінің заманауи стартап жобаларының көлік саласына қаншалықты қажетті екенін білуге мүмкіндік алды.

Бұл кездесудің «Сұрақ-жауап» форматы студенттердің темір жол, авиация және теңіз көлігіндегі әзірлемелерімен жан-жақты танысуға мүмкіншілік туғызды. Өз кезегінде вице-министр көлік саласының мамандарын даярлайтын оқу орындарының бастамашыл, ынталы зор студенттерінің шешімдерімен мұқият танысты.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы