Азаматтық авиация ардагері, Қазақстан Республикасының "құрметті авиаторы" төсбелгісінің иегері Әбу Смағұлұлы Смағұлов өмірден озды.

Әбу Смағұлұлы 1968 жылы Киев қаласындағы азаматтық авиация инженерлерін даярлайтын институтын үздік бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. Авиация саласындағы еңбек жолын 1967 жылы диплом қорғау алдында өткізген он айлық практикасы кезінде , Алматы біріккен авиаотрядының авиатехникалық базасында авиатехник қызметін атқарумен бастаған еді. Университетті жолдамамен тәмамдаған соң елге оралды, кейін Бурундай біріккен авиациясында жұмыс істеді. Көптеген жылдар бойы Талдықорған, Алматы қалаларында авиакәсіпорындардың басшылық лауазымдарында жұмыс істеді. Жұмыс істей жүріп, жоғары авиациялық училище жанындағы саяси қызметкерлер курсын бітірді. Кейін ҚазКСР азаматтық авиация Басқармасында еңбек етіп, кадрлар департаментін басқарды. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Көлік министрлігінде, ТМД мемлекетаралық авиация комитетінде байланыс бөлімін басқарды.

Смағұлов «Алаштың ақиық азаматтары» , «Ұлы Дала сайыпқырандары» атты кітаптарының авторы.

Азаматтық авиация академиясының ұжымы Әбу Смағұлұлының отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы