15 қаңтарда Академия кәсіптік бағдар беру науқанын бастады

15 қаңтарда Академия кәсіптік бағдар беру науқанын бастады, командалар аймақтарды аралап, оқушыларды оқу бағдарламаларымен таныстырады, авиациядағы мамандықтар туралы ақпарат беріп, оқуға түсу бойынша кеңес береді.

Жалпы, қазіргі уақытта Академия өкілдері Астана, Шымкент, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарындағы 90-нан астам мектепте болды.

Кәсіптік бағдар беру топтары 2024 жылдың сәуір айының соңына дейін басқа аймақтарда жұмысын жалғастырады.

Үміткерлер сонымен қатар Академияның Instagram желісіндегі https://www.instagram.com/agakaz_almaty парақшасында, комментарийға сұрақтар қою арқылы онлайн кеңес ала алады немесе +7 702 024 4512 телефоны бойынша Академияның байланыс орталығына WhatsApp хабарламасын жаза алады.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы