✈️Қазақстан Республикасының Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду мен Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметов арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында қол қойылған меморандум аясында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Екі тарап жол картасының іс – шараларын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша әзірлеуді, халықаралық сарапшылар мен авиациялық оқу орталықтарын тарта отырып мамандар даярлауды, сондай-ақ Академияның оқу-ғылыми қызметіне Қазақстан Республикасының авиациялық әкімшілігінің қатысуын егжей-тегжейлі талқылады.

Сонымен қатар, кездесуде Академияның әуе кемелерін EASA Part FCL аудитіне тіркеу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, екі тарап ұшқышсыз әуе кемелерінің жүйелерінің қызметтері бойынша мамандарды даярлау нарығының перспективаларын, атап айтқанда, Академияны ұшқышсыз ұшақ жүйелері операторларын оқыту бойынша нұсқаушылармен қамтамасыз етуді қарастырды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы