Азаматтық авиация академиясының оқытушысы Халықаралық әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер байқауында жеңімпаз атанды

Азаматтық авиация академиясының оқытушысы Зәуре Баданбекқызы 2022/2023 жылы жарияланған ХІІ Халықаралық әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер байқауының номинациясында бірінші орынға иеленді.

Зәуре Баданбекқызының «Ағылшын тілі кәсіби коммуникациялар саласындағы» атты оқулығы (Азаматтық авиация академиясының 3 курс студенттеріне арналған) жүлделі орынға ие болды..

Байқауға Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан жалпы 61 автор мен авторлар ұжымдары қатысып, 2022 және 2023 жылдары жарияланған әдістемелік, оқу және ғылыми жарияланымдарын конкурстық қарауға ұсынды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы