Педагогикалық шеберлік аясында өткізілген «Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды дамытуға арналған инновациялық технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың ерекшеліктері» атты оқу- әдістемелік семинар

2023 жылдың желтоқсан айының 1 -і күні педагогикалық шеберлік аясында «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының «Қазақ тілі» секциясының оқытушыларының (ф.ғ.к, ААА профессоры Г. Тулекова, зерттеуші–оқытушы А. Елубай, сеньер–лектор Н. Суранчиева) ұйымдастыруымен «Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды дамытуға арналған  инновациялық технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың ерекшеліктері» атты оқу- әдістемелік семинар өткізілді. Аталған семинарға АЖД директоры А.С. Шанлаяқов, «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің бастығы А.А. Молдыбаева, аталған бөлімнің  бас әдіскері А.О. Найманова, «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының сеньор-лекторы – Ж.Б. Ахметова, «Жалпы білім беру» кафедрасының сеньор-лекторы А.И. Ақмұсаева, «Әуе кемелерін ұшуда пайдалану» кафедрасының «Білім беру бағдарламалар» тобының жетекшісі Р.Ж. Тулеушова, «Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының «Білім беру бағдарламалар» тобының жетекшісі Б. С. Бейсембаева, аталған кафедраның оқытушылары –  қауымдастырылған профессор, х.ғ.к. А.К. Молдабеков, т.ғ.м, сеньор-лекторлар Ш.К. Кошанова, Ж.А. Азелханова  қатысты. Семинар барысында  АА Академиясының профессоры, ф.ғ.к. Г. Тулекова қазақ тілі сабақтарында  тілдік дағдыларды дамытуға арналған  инновациялық технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың 10 әдіс-тәсілін көрсетіп, сол әдістер бойынша оқытушылармен сабақ өткізді. Семинарда мемлекеттік тіл саясатының бүгіні  мен келешегі, қазақ тілін білудің артықшылықтары кеңінен талқыланды. Семинар соңында берілген тақырып аясында шағын видео көрсетіліп, интерактивті «МИ БАТЫЛ» ойыны ойнатылды, семинарға қатысқан оқытушыларға сертификат табысталды.
       «Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды дамытуға арналған  инновациялық технологиялар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың ерекшеліктері» атты оқу- әдістемелік семинар жоғары дәрежеде өтілді.
 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы