«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы

2023 жылғы 1-10 қараша аралығында Академияда "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" Республикалық конкурсының I кезеңі өтті. Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы 4 үміткердің құжаттары тапсырылды:
1. Асильбекова И.Ж.
2. Тулекова Г. Х.
3. Ерғалиев Д. С.
4. Долженко Н.А.
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" Республикалық байқауының ЖОО ішілік бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша ізденушілердің жұмысын бағалау көрсеткіштерін, академиялық және ғылыми жұмыс сапасын арттыруға қосқан үлесін ескере отырып, сараптама тобының қорытындысы негізінде Конкурстық комиссия Академияның Ғылыми кеңесінің алдына 2023 жылғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" республикалық конкурсының II кезеңіне оқытушы Асильбекова И.Ж. жіберу туралы өтініш жасайды.
 

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы