«Төртінші Есік оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.

 2023жылдың қазан айының 27-сі күні "Авиациялық ағылшын тілі"кафедрасының "Қазақ тілі"секциясының оқытушылары(ААА проф,ф.ғ.к .Г.Тулекова, зерттеуші-оқытушы А.Елубай, сеньер-лектор Н.Суранчиева) Есік қаласында өткен "4 Есік оқулары: «Музей кеңістігінде тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау, зерттеу және пайдаланудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Аталған конференцияға Қазақстанның тарих саласының  мамандары, тілші-ғалымдар қатысып, еліміздің археологиялық ескерткіштерін, тарихи-мәдени мұраны сақтау туралы ой қозғады. Конференция барысында ААА профессоры, ф.ғ.к. Г.Тулекова мазмұнды баяндама жасады. Конференция қатысушыларына сертификат табысталды. Іс-шара соңында конференцияның қорытындысы жасалып, қарар қабылданды. Аталған конференция жоғары дәрежеде өтілді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы