«Авиациялық техника және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А.Б.Битенов И.Әбдірайымов атындағы Қырғыз авиация институтының 50 жылдығына арналған «Қырғызстанның азаматтық авиациясы: жаһандану дәуіріндегі перспективалар мен сын-қатерлер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шараға Мемлекетаралық авиация комитетінің, Қырғызстан Азаматтық авиация агенттігінің, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстаннан келген авиациялық кәсіпорындар мен ЖОО өкілдері, институттың ардагерлері мен түлектері қатысты.
Азаматтық авиация академиясы Қырғыз авиация институтына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді және ЖОО ұжымына жас мамандарды даярлауда және ғылыми жұмыста одан әрі табыс тілейді.