5 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰШҚЫШ НҰСҚАУШЫ ИСПАНИЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

Азаматтық авиация академиясының нұсқаушы ұшқыштары Испанияның Лерида қаласында Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігінің EASA сертификатынан өтті. Нұсқаушы курстары 4 айға созылды, оның ішінде теория 125 сағатты, ұшу тәжірибесі 30 сағатты құрады.

Енді Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес Азаматтық авиация академиясының оқушыларына ұшуға дайындықты ағылшын тілінде өткізу жоспарлануда. Бұл қадам Орталық Азия аймағында EASA Part-FCL халықаралық авиациялық оқу орталығын ашу жобасын жүзеге асыру кезеңдерінің бірі болып табылады.

Өзгерістер академия түлектеріне де әсер етеді. Жоба сәтті жүзеге асқан кезде, студенттер оқуды аяқталғаннан кейін еуропалық үлгідегі EASA Part-FCL ұшқыш сертификатын алады, бұл тек ішкі ғана емес дүниежүзілік еңбек нарығында бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы