Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік тілді енгізудің тиімділіктерін жоғарлату әдістемесін талдау» атты семинар

2023 жылдың тамыз айының 23-25-і күндері Азаматтық Авиация Академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тулекова Гүлназ Қажымұратқызы Астана қаласында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ мамандарымен ҚР ҒжЖБМ ҒК-ның «Жас ғалым» бағдарламасының гранттық қаржыландыруы бойынша ЖТН АР 13268774 «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласына мемлекеттік тілді енгізудің тиімділіктерін жоғарлату әдістемесін талдау және лингвистикалық мәселелерді зерттеу»  атты ғылыми жоба аясында «ҚР азаматтық авиация саласында мемлекеттік тілді енгізудің тиімділіктерін жоғарлату әдістемесін талқылау» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарға  аталған  мекеменің 22 департамент  мамандары қатысты. Іс-шарада Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі туралы ғылыми жобаның нәтижелері көрсетіліп, тұжырымдар талқыланды. Семинар барысында «Ұшуға пайдалану» департаментінің авиациялық стандарттар жөніндегі маманы Тулеков Улукбек Құрманбекұлы, «Ұшу қауіпсіздігін басқару, сапа, стратегия және стандарттарға сәйкестік» департаментінің авиациялық заңнама бойынша басқарманың басшысы Джузбаев Жалел Шарифұлы, аға техникалық маман Зайнуллина Раиса Түлемісқызы өз ойларын ортаға салып, авиация саласында терминологиялық сөздіктердің керектігі, мемлекеттік тілдегі заңнама нұсқаларының қателіктерін түзету қажеттігі туралы ұсыныстар айтты.        Сонымен қатар, ААА профессоры, ф.ғ.к, Г. Тулекова аталған жоба асында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл- Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталықта өткен «Сөйлеу әркетінің төрт дағдысын дамытудың тиімді әдістері» атты республикалық семинарға қатысып, сертификатпен марапатталды. Ғылыми жоба асында өткен іс- шаралар жоғары дәрежеде өтілді.
         

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы